Саясат
1 мин оқу 70

Жолдау және жастар мәселесі талқыланды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.</p>

Жолдау және жастар мәселесі талқыланды

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары, ішкі саясат бағы­тындағы жұмыс барысы, этносара­лық және конфессияаралық келісімді нығай­ту, ономастика, ақпарат саласы және жастар саясаты мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектептің директорларымен кездесіп, «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мәселесіне қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ Е.Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Кеңес мүшелері қазіргі ең өзекті тақырыптың бірі жастарды жұмыспен қамту және жұ­мыс­шы мамандықтардың мәртебесін көтеру мә­селесін талқылады. Бұл басқосу аймақ­тағы ең ірі өндіріс орталығы саналатын «Allur» зауытының алаңында өтті. Оған осы кә­сіп­орынның жас мамандары қатысты.

Е.Қарин Кеңестің жастар саясаты­ның өзекті мәселелерін шешуге баста­машы болып, Президенттің жастарға қатысты реформаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар ол автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесті.

– Президенттің 2025 жылды «Жұмыс­шы мамандықтар жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік білім беру ісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіреді, – деді Е.Қарин.

Бұған қоса Мемлекеттік кеңесші Жолдауды тиімді жүзеге асырудың және Атом электр стансасын салу мәселесіне қатыс­ты алдағы референдумның маңыз­дылығы туралы айтты.

Е.Қарин өткізген кездесулердің қоры­тындысы бойынша құзырлы ор­гандарға ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. 

Бөлісу:
Жолдау және жастар мәселесі талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар