Тағайындау
1 мин оқу 190

Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

<div class="description" style="text-align: justify;">Алматы әкімінің өкімімен, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Талғат Малыбаев Алатау ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Талғат Малыбаев 1987 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қ. «Агро-Консалтинг – К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастаған.

 

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болған.

2023 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарған еді.

Бөлісу:
Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар