Саясат
1 мин оқу 140

Мемлекеттік кеңесші Біләл Ердоғанмен кездесті

<p style="text-align: justify;">Ерлан Қарин Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесу өткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік кеңесші Біләл Ердоғанмен кездесті

Басқосуда Мемлекеттік кеңесші V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысқаны үшін Түркиядан келген мәртебелі мейманға алғыс айтып, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының бұл жарысты ұйымдастыруға және табысты өткізуге айрықша үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар 89 елдің 3000-ға жуық спортшысы қатысқан мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ұлттық спорт түрлерін дамытуға және дәріптеуге мүмкіндік беретінін айтты.

чч

Өз кезегінде Біләл Ердоған V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Конфедерация президенті бұл шара қатысушы мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін тілге тиек етті.

Кездесу соңында Ерлан Қарин мен Біләл Ердоған Дүниежүзілік көшпелілер ойындары ұлттық спорт түрлерінің өрісін кеңейтіп қана қоймай, елдеріміздің тарихи мұрасын сақтап, мәдени байланыстарды дамытатын алаңға айналып келе жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші Біләл Ердоғанмен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар