Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Кездесу жөніндегі келелі әңгіме

27-04-2015-Putin i Nazarbayev 02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­циясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мәскеуде болатын кездесу жөнінде пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.
Бөлісу:
Кездесу жөніндегі келелі әңгіме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар