Елорда
1 мин оқу 160
Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгереді
<p>Елордада төрт бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларын алуға байланысты төрт бағдардағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Осыған байланысты №43, 10, 12, 51 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, – деп қосты ведомство.
Өзгерген қозғалыс сызбаларын келесі суреттерден көруге болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу: