Құтқарушы
1 мин оқу 140
Пәтер өртінен екі зейнеткер құтқарылды
<p>Сәтпаев қаласында екі қабатты үйде пәтер өртеніп, жалын басқа пәтерлерге таралған. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт өрши түсіп, Ұлытау облысы ТЖД-нен қосымша күштер жұмылған. Тілсіз жаудан қашып сыртқа шыққан тұрғындарға жылыну үшін арнайы техника да жеткізілген.
Өрт сөндірушілер өздігінен шыға алмаған 1958 және 1959 жылы туған екі қартты аман-есен алып шықты.
96 шаршы метр аумақты қамтыған жалыннан зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: