Қазақстан
1 мин оқу 140

Су саласы: Ведомство шетелдік профессорларды әкелуге ниетті

<p>Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Су саласы: Ведомство шетелдік профессорларды әкелуге ниетті

Сала министрі Нұржан Нұржігітов Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған БҰҰ делегациясымен кездесті.

«Еліміздегі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды. Қазақстанның 2 университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Тараз қаласында жеке Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды.  Ендігі мақсатымыз – осы оқу орындарына шетелдік үздік профессор-оқытушыларды әкелу. Біз Қазақстанға келуге ниетті немесе қашықтан оқытуға дайын мамандармен жұмыс істеуге әзірміз», деді Нұржан Нұржігітов.

Армида Алишахбана:

«Біз өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының «Халықаралық Аралды құтқару» қорына төрағалығы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесін реттеуге көмек көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан мамандарын су саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын біздің түрлі іс-шараларымызға және мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық жобаға қатысуға шақырамыз», деді.

Бөлісу: