Қоғам
2 мин оқу 140

Әйелдер қанаты және ой таразысы

<p style="text-align: justify;">Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ден аса белсенді әйел &laquo;Amanat&raquo; партиясы Әйелдер қанатының &laquo;Tomiris&raquo; жобасы аясында ұйымдастырылған оқу курстарына қатысты. Осы орайда олармен партия төрағасы, АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб жетекшісі Ерлан Қошанов кездесті.</p>

Әйелдер қанаты және ой таразысы

Іс-шараны ашқан Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйел­дер қоғам өміріне және елдің жан-жақты дамуына зор үлес қосатынын әрдайым айтып келе жатқанын атап өтті. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйел­дердің құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту – Президент пен «Amanat» партиясының басты назарында.

Партия төрағасы Әйел­дер қанаты бір жарым жылда «Amanat»-тың қозғаушы күштерінің біріне айналғанын атап өтті. Мәселен, Әйелдер қанатының алғашқы форумында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды. Парламент тиісті заң қабыл­­дап, жақында күшіне енді. Соны­мен қатар халықтың қарыз жүк­темесін азайту, құмар ойын­дарға қарсы күрес туралы жаңа заңдардағы мәселелер де Әйел­дер қанаты мүшелерінің бастамасымен көтерілді.

Кездесуге қатысушылар еліміз­дегі ең маңызды оқиға­лардың бірі – Мемлекет басшы­сының Жолдауын да талқылады. Е.Қошанов әр Жолдау халықтың қажеттілігі мен сұранысына негізделген нақты іс-қимыл жиынтығы екенін мәлімдеді. Соның бірі – кейінгі жылдары халық пен бизнес қатты сезініп отырған энергия тапшылығы мәселесі. Осыған байланысты Президент АЭС салу идеясын ұсынды. Қазіргі уақыт­та АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық­ штабы мүшелері өңірлерге барып, көпші­лікке бейбіт атом жұмысының аспектілерін түсін­діріп, тұрғындарды толғандыр­ған түрлі сұрақ-сауалға жауап беріп жүр.

«Бүгінде біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешім халық­пен бірге қабылданып жатқанын көріп отыр­мыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні – осын­да. Біз барлығымыз бірге жаңартыл­ған Конс­титуция үшін дауыс бердік. Қазір х­а­лық қабылдаған шешімнің дұрыс болға­нын көріп отырмыз. Бұл жолы да халық өз таң­­дауын жасап, елі­міз­де АЭС салу-салмау ту­ралы шешім қабылдауы керек», деді Е.Қошанов.

Өз кезегінде Ядролық физика институты­ның ғылыми хатшы­сы Қарлығаш Мұнас­баева, Ядролық физика институтының ядро­­лық және физикалық қауіп­сіздік оқу орталығының бастығы На­талья Измайлова сөз сөйледі. Ал Жетісу облысы Сар­қан ауылы­нан келген кәсіп­кер Кенжетай Таза­бекова АЭС құры­лысы бойын­ша референ­дум өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасын жүзеге асы­ру­дың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Партия төрағасы қазір кәсі­би маман­дардың дәлелді сөз­дері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті. Қоғам АЭС құры­лысын ой таразысынан өткізіп, дұрыс шешім қабыл­дауы керек.

Бөлісу:
Әйелдер қанаты және ой таразысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар