Ауа райы
1 мин оқу 150

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет синопиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды

Ауқымды антициклонның ықпалымен елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.

Десе де Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Мамандардың болжамына сәйкес, ел бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

«Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус үсік жүреді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар