Табиғат
1 мин оқу 190
Үстірт қорығында сирек кездесетін алабарыс мекендейді
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш фототұзаққа ілініп қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс анықталды. Бұл түр Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) критерийлері бойынша жойылып кету қаупі бар деп танылған. Сондай-ақ ол 2021 жылдың сәуірінде ҚР Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу: