Оқиға
1 мин оқу 130

Алматыда автобусқа тапаншамен кірген ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда қоғамдық көліктердің біріне ер адам тапаншамен кіріп, жұрттың зәресін ұшырған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда автобусқа тапаншамен кірген ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның тапаншаны бір қолынан екінші қолына ауыстырып жатқанын анық көруге болады. Видео авторының мәліметінше, оқиға № 106  автобуста болған.

Желі қолданушыларының бірі мұны әзіл деп қабылдаса, енді бірі алаңдаушылық білдірген.

Алматы полиция департаменті ер адамның ұсталғанын хабарлады.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қоғамдық көлікке тапанша ұстаған ер адамның мінгені анықталды. Жедел әрекет ету барысында қатысушының жеке басы тексерілді. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін, тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен сатып алғанын түсіндірді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда автобусқа тапаншамен кірген ер адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар