QyzPU: студенттерге жаңа оқу корпусы берілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат пайдалануға берілді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында университет ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов жаңа ғимаратта орналасқан зертханалар, мұражай, студенттерге арналған заманауи жағдаймен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттері 1986 жылдан бері алғаш рет жаңа ғимаратқа қол жеткізіп отыр. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 12 000 шаршы метрден асады.

Еркін Дүсіпов оқу орнының жетістіктері мен даму барысы туралы ақпарат беріп, білім беру үрдісіндегі озық әдістер, жаңа технологиялармен таныстырды.
«80 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жаңа оқу корпусының берілуі QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды. Қазіргі таңда мұнда хореография, педагогика, психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша сабақтар өтіпжатыр. Болашақта магистранттар мен докторнаттарды да осы ғимаратта оқытуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасында жалпы саны 12 мыңнан астам студент бар. Биыл 1 курсқа 5000-ға жуық студент қабылданды», деп атап өтті Е.Дүсіпов.

АЛМАТЫ