Бокс
1 мин оқу 242
Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгіленді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми хабарлады. Отандасымыз (15-0, 10 КО) 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) Сиднейде күш сынасады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен болатын.
Бөлісу: