Алимент төлеуден жалтарған Алакөл тұрғыны сотталды
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемеген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартты<span style="text-align: justify;">, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.</span></p>

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларының алдында алимент төлеуден жалтарған.
Нәтижесінде борышкердің 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.
«Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.