Қоғам
1 мин оқу 60

Керек дерек

<p style="text-align: justify;">Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген азаматтардың заңды өкілдері енді &laquo;eGov.kz&raquo; порталы арқылы олардың мүлкі және мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтамаларды ала алады. Бұл қызмет жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді.</p>

Керек дерек

Мемлекеттік қызмет енді үшінші тұлғаларға, яғни 18 жас­қа толмаған баланың қам­қор­­ш­ы­ларына және әрекетке қабі­летсіз немесе әрекет қабілеті шек­телген кәмелетке толған аза­маттардың заңды өкілдеріне қол­жетімді болды. 6-нысандағы анық­тама өтініш берушінің атында мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды, ал 2-нысандағы анықтама мүлікке меншік құқы­ғы және оған салынған шектеулер, мысалы, қамау немесе кепіл туралы ақпаратты қам­тиды. Бұл мәліметтер жылжымай­тын мүлікпен жасалатын мәмі­ле­лер, несие алу, тұрғын үй бағ­дар­ла­ма­ларына қатысу және басқа да құ­қық­тық және әкімшілік рәсім­дер үшін қажет.

Анықтамаларды алу үшін заңды өкілдерге ең әуелі «eGov.kz» порталында авторизация­дан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімдеріне өту қажет. Содан соң «Ф-6 анықтамасы (мүліктің бар екені туралы)» немесе «Ф-2 анықтамасы (мүлік­ке шектеулердің, кепіл­дің, қамаудың жоқтығы туралы)» қызметті таңдап, «Балаға (18 жасқа дейінгі, оның ішінде қам­қор­лықтағы және қорған­шы­лық­тағы балаға)» немесе «Заңды өкіл (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектел­ген кәмелетке толған азамат­тарға)» нұсқасын таңдау керек. Қыз­мет­тің нәти­жесімен пайдаланушы жеке каби­нет арқылы таныса алады.

Айта кетейік, бұл қызметті Оқу-ағарту министрлігі, сон­дай-ақ Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Цифр­лық даму, инновация­­лар және аэроғарыш өнер­­­кәсібі министр­лі­гімен бірлесіп әзір­леді.

Бөлісу:
Керек дерек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар