Оқиға
1 мин оқу 190

Ұрлаған малды жайылымда сойған барымташылар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Барымташылық Алматы облысында болған. Полицейлер &laquo;Учаске&raquo; жедел іс-шарасы барысында мал ұрыларын ұстаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұрлаған малды жайылымда сойған барымташылар ұсталды

Барымташылар мал қараусыз жайылатын жерлерде оларды сойып, еттерін көліктің жүксалғышына тиеп алып кетіп отырған, барлық мал ұрлықтары аталған бір схемамен іске асырылған.

Облыстық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше Жамбыл ауданы аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізілген, олардың 3 мал ұрлығына қатысы бары анықталған. Уақытша ұстау изоляторына қамалған күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Ұрлаған малды жайылымда сойған барымташылар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар