Шаруашылық
2 мин оқу 340

Жиын-терім берекелі болғай!

<p style="text-align: justify;">Солтүстікте биыл астықтың шығымы ересен. Бірақ соны алу қиынға түсіп тұр. Қыркүйектің ортасына дейін сілбелеп жауын жауды. Егіс алқаптарының түбінде комбайндар тізіліп, күн ашылғанымен, жер құрғамағандықтан қаңтарылып тұрды.</p>

Жиын-терім берекелі болғай!

Биыл Қызылжар өңірінің диқандары 4,4 млн гектарға астық сіңірген, соның 3,3 млн гектары – дәнді дақылдар. Егін орағына облыста 7 мыңнан артық комбайн шығарылған. Астық қабылдайтын 46 элеватор (сыйымдылығы – 3,2 млн тонна) бар. Олардан басқа 3,7 млн тонна астық қабылдай алатын 332 астық қабылдау пункті бар. Диқандар литрі 250 теңгеге арзандатылған жанар-жағар­маймен толық қамтылған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының соң­ғы мәліметіне қарағанда, 1 млн 210 мың гектар жердің астығы орылып, бас­­тырылған. Алынған астық көлемі 2 млн 100 мың тоннадай. Астық шығымдылығы орта есеппен гектарынан 17,1 центнерден ай­на­лып жатыр. Былтыр бұл уақытта 1 млн 370 мың гектар алқаптың астығы оры­лып алынған еді. Алынған астық көлемі 1 млн 400 мың тоннадай болған. Гектар шы­­ғым­дылығы ол кезде 10,6 цент­нер­­ден айналған.

Қызылжар ауданында 7,5 мың гектар жерге егін салатын, Жомарт Омаров басқаратын «JJ Trade group» ЖШС-на соғып, орақ барысын білдік.

«Биылғы егін бітік шықты, бірақ алу қиынға айналып тұр. Көп жауған жаңбырдан арамшөп те қаптап кетті. Оны құрту – қосымша жұмыс. Біздің егіс алқабымыздың шығымдылығы әртүрлі. Ең нашар деген алқаптан гектарына 20 центнерден алып жатырмыз. Сонымен бірге 25–30 центнерге дейін астық өскен алқаптар бар. Сонда орта есеппен 25 цент­­нерден айналатын шығар. Бізге ең бастысы ауа райы құрғақ болып, енді бір 10 күндей тұрса деп тілейміз», деді.

Диқанның айтуынша, қазір ас­тық қабылдау орындары аузы-мұр­нынан шы­ғып, машиналарға толып тұр. Астық­тың ылғалдылығы да жо­ғары, соңғы алын­ған астық қана бір­шама құрғап, 15 пайызға дейін түскен. Алдыңғы тап­сы­рыл­ғандар
20–25 пайыздық ылғалды­лық­пен өткен.

Тәжірибелі диқан биылғы астық бағасы да 3-сыныпқа 80 мыңнан аспайтын шығар деп ойлайды. «Әдетте астық көп болған жылдарда баға төмендейді ғой. Әзірге азық-түлік корпорациясы бидайдың бағасын нақты белгілеген жоқ, бірақ 80 мың теңгенің шамасында болар деп ойлаймын», деді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы әзірге астық қабылдау кәсіпорындарына 370 мың тон­надай астық жеткізілгенін мәлімдеді. Соның 226 мың тоннадайы – бидай. Соның ішін­де жұмсақ сұрыптысы – 210 мың тоннадай. Сапасы үшінші сыныпқа сәйкестері – 93,5 мың тонна. Бұл – барлық бидайдың 44,3 па­й­ызы. Ал төртінші сұрыптағылар – 97,9 мың тонна, 46,4 пайыз. Қазір 39 астық қа­был­дау кәсіпорны жұмысқа толық кіріс­кен.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Жиын-терім берекелі болғай! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар