Спорт
1 мин оқу 270

Зәмзәгүл Файзолланова - Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия Орталық спорт клубының спортшысы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зәмзәгүл Файзолланова - Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион

Капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдинованы мерзімінен бұрын жеңіп, Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Айта кету керек, спортшы ММА-да екі жылдық үзілістен кейін 77 кг салмақта өнер көрсетті.

«Мен өз күшіме сендім. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым - алғашқы әйел чемпион атану еді. Арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Бөлісу:
Зәмзәгүл Файзолланова - Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар