Тағайындау
1 мин оқу 211

Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ораз Таурбеков Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

«Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ораз Қайсаұлы Таурбеков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ораз Таурбеков денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қадағалайтын болады.

Ораз Таурбеков салық қызметінде жұмыс істеп, бірнеше облыста салық инспекторы қызметінен облыстық басқармалардың басшысына дейін жеткен. 

2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған.

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар