Оқиға
1 мин оқу 140

Автобөлшек ұрлаған астаналық оқушылар анықталды

<p style="text-align: justify;">Өзгенің көлігінен автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі оқушы анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Автобөлшек ұрлаған астаналық оқушылар анықталды

«Renault» автокөлігінің иесі полицияға жүгініп, үйінің ауласынан 150 мың теңгеге сатып алған автокөлік бөлшегінің ұрланғаны туралы айтқан.

Көлік бөлшегін қолды еткен кәмелетке толмағандарды елорданың Алматы ауданының полицейлері ұстаған.

14 және 15 жастағы екі жасөспірім автобөлшекті алып, оны металл қабылдау нүктесіне өткізіп жіберген. Заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Автобөлшек ұрлаған астаналық оқушылар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар