Қоғам
1 мин оқу 584

Студенттерге қыркүйек айының стипендиясы кеш төленеді

<p style="text-align: justify;">2024-2025 оқу жылының I курс студенттері I семестрдегі шәкіртақыны қазан айында алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Студенттерге қыркүйек айының стипендиясы кеш төленеді

Хабарланғандай, жаңа оқу жылының шәкіртақысы Үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді.

- «Қаржы орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің І курсында білім алушыларға қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленеді. Төлемдер қазан айының аяғында жүргізіледі деп жоспарланған.

Бөлісу:
Студенттерге қыркүйек айының стипендиясы кеш төленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар