Әлем
1 мин оқу 155

Түркияда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшыраған

<p style="text-align: justify;">Түркияның Бурса қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан ұшақты басқарған 2 ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;<a href="https://www.trthaber.com/haber/turkiye/bursada-egitim-ucagi-dustu-2-pilot-hayatini-kaybetti-878757.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">TRT Haber</a>&nbsp;агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Түркияда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшыраған

Қайғылы оқиға бүгін, 23 қыркүйекте Бурсаның Энишехир ауданында оқу-жаттығу кезінде болған. Апат салдарынан  нұсқаушы ұшқыштар атап айтқанда, 61 жастағы Юнал Астер мен 42 жастағы Эмир Гулал Налжи қаза тапқан. 

Аталған оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Түркияда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшыраған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар