Оқиға
1 мин оқу 241
Алматыда жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Алматының Әуезов ауданында 18 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бұл факті бойынша Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл соңғы екі аптада Алматыда өз-өзіне қол жұмсау бойынша тіркелген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының 3-курс курсанты көпқабатты үйден секіріп, мерт болған еді.
Бөлісу: