Тағзым
1 мин оқу 153

Қаһарман Хиуаз ескерткіші

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Астрахан облысымен шектесетін Құрманғазы ауданын&shy;да Хиуаз аталатын ауыл бар. Жаңаталап ауылдық округіндегі бұл ауылға Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілген.</p>

Қаһарман Хиуаз ескерткіші

Жақында осы ауылда Екінші дү­ние­жү­зілік соғыс ке­зінде ұшақпен 300 рет әуеге көтерілген қаһарман ұш­қыш­тың ескерткіші орнатыл­ды. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Мұра­товтың айтуынша, осыған байланысты ескерткіш жобасы облыстық тарихи-мәде­ни ескерткіштерді қорғау комиссиясында қаралған. Үздік деп танылған ескерткіштің авторы – мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

«Хиуаз Доспанова – соғыс кезінде қазақтың қайсар ұлт екенін танытқан қаһарман. Соғыстан кейін еліміздің өр­кедеуіне үлесін қосты. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен аты шыққан батырдың есімін ұрпақ жадында қалдыруды көздедік. Бұл ескерткіш – қа­һарман рухына құрметіміздің бір парасы. Майдангерлердің ерлігін ұлықтауға арналған іс-шаралар жалғасын табады», дейді Амангелді Мұратов.

Жаңаталап аулындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сапарғалиевтің пікірін­ше, жас ұрпақ бейбіт күнге жет­кізген майдангерлердің ер­лігін ұмытпауы қажет. Қа­һарман ұшқыштың туысы Ержан Рысқалиев осындай ойын білдірді. Іс-шара кезінде жергілікті өнерпаздар Гүлзада Жұмалиева, Жадыра Оқашева ән шырқады. Ал Жазира Сәр­сенғалиева «Батыр қыздың» монологін оқыды.

«Мұндай ескерткіштер жас буынды отаншылдыққа тәр­биелейді. Сол себепті туын­дыда қазақтың қайсарлығын, рухын көрсетуге тырыстым», дейді мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қаһарман Хиуаз ескерткіші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар