Аймақтар
1 мин оқу 210

Шығыстағы руханият мерекесі

<p style="text-align: justify;">Өскеменде ғана емес, Шы&shy;ғыс өңірінде алғаш рет кі&shy;тап фестивалі өтті. Ар&shy;батта өткен шарада қала тұрғындары мен қонақ&shy;та&shy;рына түрлі кітап таныс&shy;тырылды.</p>

Шығыстағы руханият мерекесі

Рухани іс-шара Мәдениет бас­қармасының бастамасымен, Пушкин атын­дағы облыстық кітапхананың ұйым­дас­тыруымен жүзеге асты. Мерекеге қаладағы басқа да кітап­ханалар, мұражайлар, театр, кітап дүкендері, білім ұйымдары қолдау көр­сетті. Фестиваль өңірде кітап оқу мә­дениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

па

Кітап фестивалінде мереке қонақтары «Шабыт» жас­тар театры­ның тебіреніске толы қойы­лымын тамашалап, жазушы Жәди Шәкенұлы мен Генадий Пус­септің жаңа шығармаларының, сон­дай-ақ, облыстық ауқымды әдеби жоба – «Абай әлемі» кітаптар топ­тамасының» 2024 жылғы жаңа шыға­рылымының тұсаукесеріне қатысты.  2018-2024 жылдар аралығында «Абай әлемі» кітаптар топтамасымен барлығы 76 389 дана 110 кітап жарық көрді. Биыл 12 ав­тордың шығармасы мен үш жинақ, яғни 15 кітап оқырманға жол тартты.

ап

Түрлі тақырыптық локациялар барлық жастағы келушілерге ме­ре­келік көңіл күй сыйлады. Оқыр­­­мандарға мазмұны мен фор­масы алуан түрлі кітап көр­­ме­лері мен инсталляциялар ұсы­ныл­ды. Облыстық музейлер қорын­дағы жерлес жазушылардың жеке заттарының көрмесі, жерлес жазушылар шығармаларының «QR» көрмесі, жасанды интеллект мүм­кіндіктері пайдаланылған «Шы­ғыс Қазақстанның аңыз-әп­саналары» балалар суреттерінің интерактивті көрмесі көпшіліктің назарын аударды.

Рухани іс-шара биыл 100 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі желісімен түсірілген фильмді тамашалаумен аяқталды.

ӨСКЕМЕН

Бөлісу:
Шығыстағы руханият мерекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар