Спорт
1 мин оқу 171
Ауыр атлетика: Едіге Емберді әлем чемпионы атанды
<p style="text-align: justify;">Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Qazsporttv мәліметінше, 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан отандасымыз 6 тәсілді ойдағыдай қолдана отырып, екінші жаттығуында алтын медаль иеленіп, ал жаттығулар жиынтығында (154 + 199) екі алтын медальға ие болып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.
Бұл Едіге Ембердінің әлем чемпионаттарындағы үшінші алтын медалі: 2022 жылы (73 кг) жастар арасында алғаш рет әлем чемпионы атанса, араға бір жыл салып жасөспірімдер (81 кг) арасында да алтын медаль жеңіп алған еді.
Бөлісу: