Ауа райы
1 мин оқу 230

Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендейді - синоптиктер

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 26-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендейді - синоптиктер

Метеорологтар ұсынған болжамға сәйкес, алдағы үш күнде республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда да жаңбыр мен қар жауады.

Ал түнде ауа температурасының -2-7 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Десе де солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын түспейді.

 

Сондай-ақ күндіз ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі:

  • елдің батысында +20+27°С дейін,
  • солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін,
  • қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін,
  • елдің шығысында ауа температурасы +3+11°C шамасында болады.
Бөлісу:
Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендейді - синоптиктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар