Білім
3 мин оқу 221

Танымды кеңейтетін жол

<p style="text-align: justify;">Қазіргі жаһандану заманында білім беру, тек академиялық біліммен шектелмейді. Оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі, сыни ойлау қабілеті, экологиялық білім, адам құқығы, этика (көркем мінез), өмір сүру қауіпсіздігі, медиа&shy;сауаттылық һәм қаржылық сауаттылық секілді дағды&shy;лар&shy;ды меңгеруі осы күннің маңызды талап&shy;тарына ай&shy;на&shy;лып отыр. Аталған дағдылар осы ғасырдың бас&shy;ты қажет&shy;ті&shy;ліктерін толық қамтып, ел болашағына ықпал етеді.</p>

Танымды кеңейтетін жол

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында білім беру жүйе­­сіне ерекше мән беріп, жаһандық құзы­реттердің маңызын ерекше атап өткен еді. Мемлекет басшысы сыни ойлау қабілеті мен бі­лімділік қасиеті бар жас­тар – ұлт болашағын қа­лып­­тас­ты­ру­дағы негізгі фак­тор екенін айтты. Жас­тарды жаңа сын-қатерлерге ­да­йындау және олар­дың әлемдік аре­на­да бәсекеге қабілетті болуын қам­тамасыз ету үшін білім беру жүйе­­­­сінде ке­шен­ді ре­­форма­лар жасалып жатыр. «XXI ға­­сыр­да бі­лім­ді жас­тар­­­дың жа­ңа сын-қа­тер­­­­лер­ге дайын ­болуы аса ма­ңыз­ды», де­ген Пре­зи­дент білім бе­­­ру­ді жаңғырту­­­­­дың ма­­ңыз­­ды­лы­ғы­на баса на­зар аударған ­бо­латын.

Осы орайда биыл Arman-PV баспасы «Жаһандық құ­зы­­рет­тер» атты арнайы оқу­лық­тар мен оқу-әдістемелік кешен әзірледі. Аталған жоба 5-9 сынып оқушыларына арналып, заманауи білім беру талаптарына сәй­­кес дайындалды. Оқулық авторлары – елі­міздің беделді педагог-ғалымдары, ше­бер әдіскерлер мен тәжірибелі ұс­таздар. Олар оқу­шы­ларды қазіргі қо­ғам­ның талап­тарына бейімдеп, қажетті құзы­р­еттермен қаруландыруға бағыт­тай­тын материал­дар ұсынып отыр.

ва

Атап айтсақ, «Этика және әдеп» бөлімінде оқушылар әділдік пен жауап­­кершілікті үйренсе, «Азаматтық және патриотизм» бөлімінен қоғам ал­дындағы міндеттерін терең түсінеді. Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық жал­ған ақпараттан қор­ғану мен отбасылық бюджетті тиім­ді басқаруға баулиды. «Өмір сүру қауіп­сіздігі» төтен­ше жағ­дай­ларда өзін-өзі қор­ғау дағ­дыларын дамытып, «Эко­ло­­гия­лық мәдениет» оқушыларды та­би­ғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық жауап­кершілікке тәр­биелейді. Аталған бөлімдер жас ­өс­кін­дерге еліміздің стра­­те­гиялық мақ­сат­тарына сай бі­лім беріп, оны күн­де­лікті өмір­де қолдануға мүмкіндік береді.

Білім беру саласында озық дамы­ған елдерді мысалға алар болсақ, мә­селен, Финляндия білім беру жүйе­сі оқушыларды сыни ойлау, шы­ғармашылық және дербес шешім қабылдау дағдыларына баулып, жо­ғары деңгейге көтер­ді. Бұл жүйенің ерек­­­шелігі – оқу­шы­­лардың еркін ой-пікір қалып­тас­ты­руы­на жә­не­ шы­ғар­ма­­шы­­лық қа­бі­­лет­терін ашу­ға толық мүм­кін­­­дік береді. Ал АҚШ пен Ұлыбритания жүйе­лерінде медиа­сауаттылық пен қаржылық сауат­ты­лыққа ай­рықша көңіл бөлінеді. Бұл елдер оқу­шыларды ақпараттық орта­да дұрыс шешім қабылдауға, қар­­жылық са­уат­тылықты мең­ге­руге үйре­тіп, олар­ды жаһандық қо­ғам­ның бел­сенді мү­­ше­­лері ретін­де тәрбиелеуге басым­дық береді.

Қазіргі таңда оқушылар жа­һандық құзыреттерді қосым­ша сабақ ретінде өз қалауымен оқи­ды. Алайда бұл дағ­дылардың маңыздылығын ескеріп, уақыт өте келе жаһандық құзыреттерді негіз­гі пән ретінде оқыту қажет­тілігі туын­дайтыны айқын. Бұл – болашақтың еншісінде, бірақ заманауи әлемнің талап­тары мен өзгерістері осы құзы­рет­терді меңгеруді міндетті түр­де қажет етеді. Сыни ойлау, медиа­сауат­тылық және қар­жылық сауат­тылық секіл­ді дағ­ды­лар – бола­шақ ұрпақтың қо­ғам­да өз ­орнын тауып, табысты өмір сүруі үшін ең маңызды қабі­лет­тер­дің бірі.

Arman-PV баспасынан жарық көрген оқулықтар, тек теориялық білім­мен ғана емес, практикалық құзы­­­рет­терді қалыптастыруға бағыт­тал­ған, бұл – жастардың келе­­шекте табысты тұлға болып қалып­тасуына кө­мектеседі. Осы құзы­реттерді меңгерген ұрпақ – ел­дің дамуына және оның әлемдік аре­нада бәсекеге қабілетті болуы­на айтарлықтай үлес қосатын қоз­ғау­шы күш болмақ.

Айгүл БЕКБОЛАТОВА,

Arman-PV баспасының бас редакторы 

Бөлісу:
Танымды кеңейтетін жол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар