Қоғам
1 мин оқу 290

Қарттарға қамқорлық – қоғам парызы

<p style="text-align: justify;">1 қазан &ndash; халықаралық Қарттар күніне орай &laquo;Ардагерлер ұйымы&raquo; рес&shy;&shy;пуб&shy;&shy;ли&shy;&shy;&shy;ка&shy;лық қоғамдық бірлестігінің Орта&shy;лық кеңесі қоғамға Үндеу жариялап, &laquo;Қарт&shy;&shy;&shy;та&shy;&shy;&shy;&shy;рымызды қамқорлай жүрейік!&raquo; ай&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;лық акция&shy;сына қатысуға шақырады.</p>

Қарттарға қамқорлық – қоғам парызы

Үндеу мәтінінде төмендегідей ой-пікір жазылған:

«Бұл күн – біздің аға буынға ризашы­лығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету – аға буынға көрсеткен пары­­­зымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы» рес­публикалық қоғам­дық бір­лес­тігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы «Қарттарымызды қам­қорлай жүрейік!» акция­­сына ұласып келеді. Қазақ хал­қының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе-көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көп­теген шешілмеген мәселесі туындайтынын білесіздер, сондықтан оларға қолдау көр­сету – туған-туыс­тары мен барша қоғамның мін­деті.

Мемлекетіміз қарттарға деген қамқорлықты эконо­микалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар.

Кейбір қариялар жасы ұл­ғай­ған шағында жан жылуы мен мейірімге зәру. Барлық қазақ­­­стандықты, жұмыс беру­шілерді, бизнес құрылым өкіл­дерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жү­рейік!» айлық акциясына атса­лысуға шақырамыз.

Қарияларға материалдық тұр­ғыдан қолұшын созуға, әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­­дай­ла­рына қолдау көр­­се­ту­ле­рі­ңіз­ді сұрай­мыз. Өз елінің патриоты ретінде акцияға бейжай қара­­май­тын азаматтар жергілікті әкім­­дік­термен, өңірлік ардагерлер кеңес­терімен байланысқа шығып үлес қосады деген үміт­теміз». 

Бөлісу: