Қоғам
1 мин оқу 362

Тиімді таңдау жасау міндеті

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының депутаттары, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі республикалық Халық штабының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Шиелі ауданына сапары аясында өңірдің ақсақалдарымен кездесіп, атом электр стансасын салудың келешегін талқылады.</p>

Тиімді таңдау жасау міндеті

«Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешім­дерді талап етіп отыр. Атом энергетикасы – елімізді энер­гия­мен қамтамасыз ету әрі оның экономикалық тұрақ­тылығын қамтамасыз ету жо­лындағы басты қадам. Қазақ­стан­ның дамыған елдер қа­тарына қосылуы үшін атом электр стансасы қажет. Бүгін­гі таңда АЭС бүкіл әлемде қар­қын­ды түрде пайдаланылып келеді және еліміз үшін ең жақсы нұсқаны таңдау – біздің міндетіміз», деді Н.Байқадамов.

Ардагерлер мен аудан тұр­ғындары Президент Жол­­дауы­нда айтылған бас­та­маға қол­дау білдіріп, өз­де­­рін тол­ған­дырған сауалдарын қойды. Се­на­торлар ақса­қал­дармен кез­­­­­­де­суден кейін Тұран ауыл­дық округінің тұрғын­да­­рымен пікір­лесіп, жасыл энер­­ге­­­ти­ка­ның артықшылығы мен атом энергетикасын дамыту жоспары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Р.Рүстемов табиғи газды жеткізудегі тұрақсыздық пен оны өндірудің қысқаруы жағ­­дайында атом энергетикасы ел экономикасын дамыту­дың сенімді көзіне айналатынын жеткізді.

«Атом электр стансаларының құрылысы да жұмыс орындарын ашуға, жаңа технология­ны дамытуға және еліміздің тұрақ­ты энергетикалық бола­ша­ғын қамтамасыз етуге септі­гін тигізеді. Бұл экономиканы нығайтып қана қоймай, электр қуатының тапшылығын шешудің бір жолы болмақ», деді Р.Рүстемов.

Бөлісу: