Оқиға
1 мин оқу 171
Ақтөбе облысында 320 киік мүйізі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Полиция шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Polisia.kz-тің мәлім етуінше «Қарасора» операциясы барысында «Қосбармақ» қыстауында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылған және тіркелмеген 2 аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға өткізбек болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу: