Медицина
1 мин оқу 241

Елімізде қатерлі ісіктен болатын адам өлімі 3,2%-ға төмендеген

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында&nbsp;Қазақстанда жыл сайын бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып, химиотерапиямен үйлесімде 30 мыңға жуық онкологиялық операция жасалататынын, осының нәтижесінде өлім-жітім төмендегінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде қатерлі ісіктен болатын адам өлімі 3,2%-ға төмендеген

Семей қаласында елімізде алғаш рет радионуклидтік терапия енгізілген Ядролық медицина орталығы ашылды.

«Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу сәтті қолданылады. Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да қатерлі ісіктерден болатын өлім 3,2%-ға төмендеді» деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша елімізде кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия сияқты 7 бейін бойынша пациенттерге медициналық оңалту жүргізіледі. 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктері бар пациенттерді оңалту енгізілген.

2023 жылы барлығы 208 мың пациент медициналық оңалтудан өткен.

Бөлісу: