Экономика
1 мин оқу 240

Мұнай-газ мүмкіндігі

<p style="text-align: justify;">Алматыда өткен KIOGE 29-халықаралық &laquo;Мұнай және газ&raquo; көрмесі мен конференциясында еліміздің былтыр 90 млн тонна мұнай өндіргені, оның 70,5 млн тоннасы экспортталғаны айтылды. Еліміз 2030 жылға таман мұнай өндірудің жылдық деңгейін 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.</p>

Мұнай-газ мүмкіндігі

Энергетика министрі Алма­садам Сәтқалиевтің айтуынша, Үкімет елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша дәйекті стратегияны ұстанады.

«Бүгінгі таңда біз жалпы инвестиция көлемі 9 млрд дол­ларды құрайтын 6 келісім­шарт­қа қол қой­дық. Барлық мүд­делі та­раптарды осы салада бір­лескен жобаларды жүзе­ге асыруға шақырамыз. Қазақ­стан үшін қысқа және ұзақ мер­зімге арналған тағы бір басымдық – көмірсутегі ши­кізатын терең өңдеу, атап айт­қанда, мұнай-химия саласын дамыту. Жалпы, осы сала­да­ғы әлеуетті жобаларды мем­ле­кеттік қолдау барлық қажетті инфра­құрылым мен салықтық преферен­цияларды, соның ішінде жер, мүлік салығы, қосылған құн және кедендік баж салығын қоса алғанда, 0%-ды қамтамасыз етеді», деді министр.

Жиынға қатысқан «Қаз­МұнайГаз» (КМГ) басшысы Асхат Қасенов шетелдік серіктестер қызметіндегі отандық қамту үлесіне қа­тыс­ты пікір білдірді.

«Халықаралық ком­па­нияларда отан­дық жет­кізу­шілермен оф­ф­тейк-ке­лісімшарттар жа­сауға қа­тысты процедура енгізілген. Жергілікті жаңа өндірістерді ынталандыру барысында халықаралық мұнай-газ компаниялары бұл мүмкіндікті пайдаланады деп ойлаймыз. ҚМГ отандық қамтуды қолдауға да көңіл бөледі. Мәселен, бірнеше апта бұрын полиэтилен өндіретін зауыт құрылысын бастадық. Оған баған-сплиттерді жеткізуді «АтырауНефтеМаш» ЖШС іске асырады. Жалпы, жыл басынан бері 83 оффтейк-келісімшартқа қол қой­дық», деді.

Бөлісу:
Мұнай-газ мүмкіндігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар