Жемқорлық
1 мин оқу 171

Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

<p style="text-align: justify;">М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Otyrar.kz мұндай ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде пайда болғанын жазды. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы хабарланған.

Экономикалық тергеу департаментінде ректордың ұсталғаны туралы ақпарат расталды.

«Қазір тергеу жүргізілуде. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді», деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

Әзірге істің мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені ғана белгілі.

Бөлісу:
Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар