Аймақтар
1 мин оқу 131
Жамбыл облысында туысын тонаған жігіт ұсталды
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысы Байзақ ауданында көліктен ұрлық жасаған тұрғын құрықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Polisia.kz мәліметінше, 44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. Ол кейінірек автомобильдегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы 170 мың теңге.
- Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.
Бөлісу: