Бокс
1 мин оқу 420
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
<p style="text-align: justify;">4 қазан күні кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Отандасымыздың жекпе-жегін Qazsport телеарнасы Астана уақытымен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем титулдарының иегері, бірақ Андрей Михайловичпен жекпе-жекте тек IBF белбеуін қорғайды.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен.
Бөлісу: