Елімізде тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан мен Ресей Федерациясының Көлік министрліктері «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.
Айта кетейік, «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады.
«Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған», делінген ведомство хабарламасында.