Өнер
3 мин оқу 115

Шырайлы өлкедегі опера

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада Шымкент қала&shy;лық опера және балет театрының сахнасында &laquo;Астана операның&raquo; көп&shy;тен күт&shy;кен гастрольдік кеші өт&shy;ті. Елордалық труппа ел ком&shy;&shy;пози&shy;торларының туынды&shy;лары&shy;&shy;&shy;мен қатар, әлемдік опера жау&shy;һар&shy;лары&shy;на толы бағ&shy;дар&shy;ламасын ұсын&shy;ды. Айта ке&shy;тейік, өнер ұжымының гастроль&shy;дік сапары Мәде&shy;ниет және ақ&shy;парат минис&shy;тр&shy;&shy;лі&shy;гінің қол&shy;дауымен өтіп отыр.</p>

Шырайлы өлкедегі опера

Шырайлы Шымкент сах­насында бекзат өнердің бөлек болмысын көр­сет­кен «Астана опера» әртістерін жергілікті театрсүйер қауым ерекше ықыласпен қарсы алды. Құрамында сахна шеберлері, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина, Жанат Шыбықбаев, Мейір Байнеш, Бибігүл Жанұзақ, Бағдат Әбілханов, Раушан Бес­кем­бирова, халықаралық байқау­лар­дың лауреаттары Гүлдана Алда­досова, Талғат Ғалеев, Болат Есім­ханов, Талғат Аллабиринов бар елор­­далық ұжым халықтың қоше­метіне тәнті болып, шабыттана өнер көрсетті.

Әсіресе өнер кешін ел композиторлары туындыларының шебер орындалуы көріктендіре түсті. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опе­расынан Шегенің ариясы мен М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» опе­расынан айтыс сахнасы сынды ұмы­тылмас сәттер тыңдарман­дарға үлкен әсер қалдырды. Бұл шы­ғармалар, бір жағынан ұлттық музы­калық мәде­ниетті көрсетсе, оларды на­қы­шына келтіре орындау – түп-тамы­рымызға оралуды білдіреді.

Ел композиторларының музыкасы А.Вивальди, П.Чайковский, А.Дворжак, Дж.Пуччини сынды әлемдік классиктердің ария­ла­ры­­мен үндесіп отырды. Шабытқа толы өнер салтанаты Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Абзал Мұхит­диннің жетек­шілігіндегі «Астана опера» сим­фониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен өтті.

Бағдарлама соңында шырқал­ған Ескендір Хасанғалиевтің «Ата­мекен» әні әртістер мен көрер­мен­дерді отансүйгіштік сезім атмосферасында біріктірді. Өз елі үшін мақтаныш пен бірліктің рәмізі ретінде көпшілік бұл композицияны тік тұрып қосыла орындады.

«Бүгінгі кеш шынымен де таңға­ларлықтай өтті. Осынау біре­гей мәдени тәжірибені ешқа­шан ұмытпаймын. Біз М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақ­стан уни­вер­ситетіндегі әріптес­тері­мізбен кез­десуге Қазақстанға енді ғана келген едік, сөйтіп олар бізге опе­раға баруға ұсыныс айтты. Мен мұн­дай дарынды әртістерді бір сахнада бұрын-соңды көрмедім және көрермендердің осыншалықты ыстық ықыласына куә болған емеспін. Бағдарламаны аяқтаған нөмір ерекше есте қалды, осынау үздік нөмірге зал ду қол шапа­лақ жаудырды. Бұл олардың дары­нының күші мен өнердің адамдар­ды біріктіретінінің нағыз дәлелі бол­ды», деді АҚШ-тан келген профессор Кристофер Джонстон.

Сондай-ақ гастрольдік бағдар­ла­ма­да жас тыңдармандарға да ерекше көңіл бөлінді. Оларға арнап «Музыка әлемі» танымдық концерті әзірленіп, әртістер оқу­шы­ларды опера дауыс­тарымен, аспаптармен таныстырды. «Астана операның» музыкатанушысы Сәуле Мәулетованың қы­зық­ты әңгімесінен кішкентай театр­сүйер қауым опера мен клас­сикалық музыка әлемі туралы көбі­рек ақпарат алды.

«Астана опера» театры қаламызға гастрольмен келетінін афи­шадан көр­генде, бірден бала­лар­ға ар­налған концертке де, кеш­кі концертке де билет алдым. Бұл – күн­де бола бермейтін маңыз­ды оқиға. Бала­ларым музыка мек­тебіне барып жүр­се де, негізгі ба­заны білсе де, бү­гін музыка әле­міне бойлап, онымен жа­ңаша таныс­­қандай көрінді. Өйткені со­­ның барлығын көзбе-көз тамашалау – мүлдем басқа тәжірибе. Баланың білім алуы бір бөлек те, оның жанды өнерді тамашалауы – бір бөлек», дейді көрермен Әйгерім Қожанова.

«Астана операның» Шымкент­­те­гі шығармашылық сапары табыс­пен өтіп, нағыз мәдени оқи­ғаға айналды. Әртістер өздерінің келуін асыға кү­тетін шымкент­тік көрермендер­дің сүйіспенші­лігі мен ризашылығын арқалап жол­ға шықты. Мұндай музы­калық көш республиканың түкпір-түк­піріндегі ел тұрғындарын асқақ өнерге баулып, шекарасын кеңей­те­тіні сөзсіз. 

Бөлісу: