Оқиға
1 мин оқу 110

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері төбелесіп, пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен

Желіде оқиғаның видеосы тарап жүр. Бірақ видеода төбелес болған сәт көрінбейді, тек бір топ жігіттердің көліктің артына жиналып, кейін олардың тез кетіп қалғанын байқауға болады.

Әлеуметтік желідегі басылымдардың хабарлауынша, дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, аман қалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауына алынды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар