ҚР СІМ Суданда болған әуе шабуылына қатысты пікір білдірді
<p style="text-align: justify;">ҚР Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«ҚР Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап етеді», делінген ресми хабарламада.