ҰҚШҰ өкілдері Алматыға келді
<p style="text-align: justify;">Алматыда денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>. </p>

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесінің IV отырысы өтті.
Іс-шараға Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегациялары және ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы қаралды. Ұлттық делегациялардың басшылары өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл қажеттігін растады.