Қоғам
1 мин оқу 360

Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесті

<p>Қазақстан-Ресей шекарасындағы &laquo;Сырым&raquo; өткізу бекетінде Қазақстан мен Қырғызстаннан келген жүк көліктерінің жүргізушілері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесті

«Мой город» басылымының мәліметінше, 1 қазанға қараған түні жүргізушілер өткізу пунктінде жанжал шығарған. Қақтығысқа кейбір жүргізушілердің шекарадан өту кезінде кезекті сақтамауы себеп болған. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

- 30 қыркүйекте Самара-Шымкент тасжолында кезек сақталмауына байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болған жанжалға қатысты тергеу басталды, - делінген облыстық ПД мәлімдемесінде.

Қазір іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр.

Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар