Монетадағы «мысық»
<p style="text-align: justify;">3 қазаннан бастап Ұлттық банк интернет-дүкенінде «SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN» атты жаңа монеталар айналысқа шығарылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бейнеленген. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның бейнесін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.
Шағарушылардың айтуынша, монетадағы сурет шаңырақтың береке-бірлігін білдіреді.
«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті», деп жазды Ұлттық банк.
Монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалады.