Оқиға
1 мин оқу 120

БҚО-да жалған құрылыс салушылар жазаланды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында жосықсыз құрылыс салушылар 32 жәбірленушіге 490 888 000 теңге көлемінде шығын келтірілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;БҚО облыстық прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

БҚО-да жалған құрылыс салушылар жазаланды

Айыпталушылар азаматтардан ақша алу үшін алдамшы схемаларды қолданған.

Олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында таунхаустар салуды ұсынатын ақпаратты орналастырған.

Өздерін кәсіпкер ретінде таныстырып,  жер телімдері жоқ бола тұра тұтынушылардан алдын ала қаражат алып, оларды құрылыс келісімшартының орындалатынына сендіреді.

Қомақты қаражатты қалтасына басқан алаяқтар келісім-шартта белгіленген мерзімде тұрғын үй салуға уәде беріп, бірақ іс жүзінде орындамай, үлескерлерді әуре-сарсаңға салады.

«Орал қаласы прокуратурасы екі айыпталушының аса ірі көлемде алаяқтық әрекеттер жасағанын дәлелдеді. Сотта айыпталушылар жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың бар екенін алға тартып, кінәсін мойындамады. Алайда сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды. 32 үлескерге 490 888 000 теңге көлемінде келтірілген шығын  жәбірленушілердің пайдасына толық көлемде өндірілді» делінген БҚО облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
БҚО-да жалған құрылыс салушылар жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар