Заң
1 мин оқу 112

Министрлер тұрғын үйін жалға бере алады

<p style="text-align: justify;">Үкімет мүшелері тұрғын үйін жалға беріп, одан табыс түсіруі мүмкін. Тиісті түзетуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға енгізу ұсынылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлер тұрғын үйін жалға бере алады

Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын қарады. Заң жобасына мынадай түзетулерді енгізу көзделген:

  • Үкімет мүшелеріне өз меншігіндегі тұрғын үйді мүліктік жалдауға беруге және одан табыс алуға тыйым салатын норма алынып тасталды;
  • Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау бөлігінде қолданыстағы мемлекет қызметкерлері мен олардың міндетін уақытша атқарушылардың құқығы теңестірілді.
  • Пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын мүлік сенімгерлік басқаруға берілмеген жағдайда мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер үшін мемлекеттік қызметті тоқтату шарттары нақтыланды.
Бөлісу:
Министрлер тұрғын үйін жалға бере алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар