Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Ұрлық мал ұсталды

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының «Жас­­өркен» заставасының наряды Қырғыз Республикасынан біз­дің елімізге 2 бас мүйізді ірі қараны заң­сыз жолмен өткізбек бол­ғандардың жолын кесті. Малды айдап келе жатқан белгісіз екі адам шекара нарядын көрісімен көр­шілес мем­ле­кеттің аумағына қарай қашып барып, жасырынады.

Аталған де­рек бойынша­ ма­­те­риалдар Әкім­­ші­лік-про­цес­­­суал­дық кодексінің 426-бабы бойынша­ шара қолдану үшін Жамбыл об­лы­сының Жам­был аудан­дық ­про­ку­ратурасы­на жол­данады, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Ұрлық мал ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар