Ардагерлер ардақталды
<p style="text-align: justify;">Облыстық ардагерлер кеңесі Қарттар күніне орай ардагерлерге арнап әдеттегіден тыс ерекше сый-сияпат жасады. Еліміздегі, соның ішінде облыстағы ардагерлер қозғалысының дамуына айрықша үлес қосқан, бас­тауыш ұйымдарда немесе жергілікті кеңестерде кемі 5 жыл еңбек еткен ар­дагерлердің бір тобына «Ұлытау облысының құр­метті ардагері» төс­белгісі табысталды.</p>

Марапатталғандардың қатарында көп жыл бойы Жезқазған өңірінде ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен, Талап кеңшар-техникумының, Жезқазған сүт зауытының директоры қызметін атқарған, «Құрмет» ордені мен «Халық алғысы» медалінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Рахым Арыстанбаев, партия, кеңес қызметтерінің ардагері, Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Валентин Васильевич Куприянов, Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы саласында, аудан әкімінің орынбасары болып жауапты қызмет атқарған, зейнетке шыққаннан бері Жезқазған қаласындағы қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген ел ағасы Қадыр Үңгітбайұлы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Білім беру қызметінің үздігі Жәукен Бәйішев, медицина саласында 40 жылдан аса еңбек еткен, әлі де «Жүрек» амбулаториясында медбике болып жұмыс істейтін, қарамағындағы 20-дан аса жалғызбасты зейнеткерге көптен бері қамқорлық жасап келе жатқан Боранкүл Сәдуақасова, Жаңаарқа аудандық халық театрының негізін қалаушылардың бірі Жарұлла Шайхин бар.
Ұлытау облысы