Оқиға
1 мин оқу 180

Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған

<p style="text-align: justify;">Қызылорда мектептерінің бірінде бұрыш спрейінен уланған 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.</p>

Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашып, салдарынан 20-дан астам оқушы өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Олардың барлығы іші және тамағы ауырып, жүректері айнып, ауыздарынан жағымсыз иіс шыққанын айтқан. Зардап шеккен балалардың жастары - 7-12 жас аралығы.

«Бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:
Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар