Футбол
2 мин оқу 80

Бәсеке тағдырын бір гол шешті

<p style="text-align: justify;">Биылғы маусымдағы Еурокубокта еліміздің жалғыз командасы &laquo;Астана&raquo; ғана қалғаны белгілі. Елордалық клуб бейсенбінің кешінде УЕФА Конференциясы лигасының топтық турниріндегі тұсаукесер кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда өткізді.</p>

Бәсеке тағдырын бір гол шешті

Аталған доп додасының алғаш­қы кездесуінде «Астана» Сербия­ның Бачка-Топола қаласынан келген ТСЦ клубымен күш сынас­ты. Небәрі 12 мың тұрғыны бар шағын ғана шаһарда жасақталған ұжымның құрылғанына 111 жыл тол­са да, олар тек кейінгі кез­дері ғана өрелі өнерімен өз көрер­мендерін қуантып жүр. Атап айт­сақ, 2013/2023 жылдардағы мау­сым­да ТСЦ Сербияның супер­лига­сында қола медальды иеленсе, был­­тырғы чемпионатта күміске қол соз­ды. Қазіргі кезде олар 9 ойын­нан кейін 13 ұпай жинап, жарыс кес­тесінде 9-орынды қанағат тұтып тұр. Алматыдағы матчқа қос команда мынадай құрамда шықты:

«Астана»: Чондрич, Казуколо­вас, Марочкин, Аманович, Бар­толец, Эбонг, Грипши, Вороговский, Томасов, Чинеду, Камара.

ТСЦ: Илич, Стеванович, Джорд­жевич, Петрович, Радин, Йованович, Станич, Джаковац, Чиркович, Пантович, Баняц.

Бәсеке алма-кезек шабуылмен басталды. 15-минутта елордалық клубтың ойыншысы Назми Грип­шидің бұрыштамадан әуелетіп берген добын Ян Вороговский қағып алып, бағытын өзгерте білді. Дәл сол мүмкіндікті ұтымды пай­даланған Кипрас Казуколовас оны баспен ұрып қақпаға сылқ еткізді. Гол! 1:0 есебімен «Астана» алға шықты. Жылдам соғылған голдан сер­биялықтар тез ес жиды. Жиі ша­­буылдап, Чондрич қорғаған қақ­па­ны бірнеше мәрте нысанаға алды. Басқасын айтпағанда, 29-минут­та Милош Пантович пен 42-минутта Ифет Джаковацтың қақырата тепкен доптары маңдайшаға тигенде, Орталық стадионға жиналған жан­күйерлер сілтідей тынды. Абырой болғанда қақпамыз аман қалды.

«Астананың» да есепті еселеуге бір емес, бірнеше мүмкіндігі болды. Усман Камара екі рет қақпа­ның дәл алдында тұрып, допты қисық тепті. Дегенмен бәсеке аяқта­лар тұста гвинеялық вингер мерген­­­дік танытқан еді. Бірақ Камара ойын­нан тыс қалғандықтан, бұл гол есеп­ке алынбады. Сол аралықта Александр Чиркович тағы бір мәр­те допты маңдайшаға тигізгенін де айта кеткен жөн. Сөйтіп, 1:0 есебі ойынның соңына дейін сақталды. Енді Григорий Бабаянның шәкірт­тері келесі кездесуін 28 қазанда сырт алаңда Уэльстің ТНС клубына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Бәсеке тағдырын бір гол шешті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар