Референдум 2024
1 мин оқу 103
18 жастағы астаналықтар референдумда алғаш рет дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Елордада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жас алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Бүгін Астана учаскелерінде референдумға қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп.
Елордадағы ЖОО-лардың бірінің студенті бүгін осындай маңызды іс-шараға алғаш рет қатысып қана қоймай, өзінің 18 жасқа толған күнін атап өтіп отырғанын айтты.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істеп жатыр, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.
Бөлісу: